USD
USD
USD

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны рас па?

Telegram каналдарда бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталып, қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.

Қорғаныс министрі
Фото: Коллаж NEGE

Алматы, NEGE. Бірінші болып бұл ақпаратты «Выход к правде» Telegram каналы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып жариялады.

Осы ақпаратқа байланысты Бас прокуратураға, ҰҚК-ге және Қорғаныс министрлігіне ресми түсініктеме беру туралы сауал жолданды. Алайда, бұл ақпарат жарияланғанға дейін ресми органдар мұны растамады және теріске шығарған да жоқ.

Естеріңізге салайық, Руслан Жақсылықов 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған болатын. Президент оны 2025 жылдың 8 маусымында қызметінен босатты.

Айта кетейік, оның алдындағы министр Мұрат Бектанов Қаңтар бүлігінен соң билігін асыра пайдаланды деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

NEGE дереккөзінің хабарлауынша, бүгін таңертең Р.Жақсылықовтың үйінде тінту жүргізілген, ол қазір өз үйінде көрінеді. Әзірге оның процесуалдық статусы мен бұлтартпау шарасына қатысты нақты дерек жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй