USD
USD
USD

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қорғаныс министрі
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

2025 жылы 8 маусымда Мемлекет басшысы Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен босатты.

Ол 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Білімі:

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987 жыл).
М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996 жыл).
Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004 жыл).
Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.

1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.

1989–1992жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.

1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.

1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.

1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.

1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.

1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.

2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.

2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.

2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.

2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2023 жылғы 3 сәуірде қайтадан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы