USD
USD
USD

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы кейбір БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Қорғаныс министрі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Экс-министр бұл ақпаратты Tengrinews.kz бас редакторымен телефон арқылы сөйлесіп, жоққа шығарды.

«Бос сөз. Ең алдымен, ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері еңбек демалысына шықпадым. Өздеріңіз білесіздер, әскери қызмет сондай болады», – деді Жақсылықов.

Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына жүгінетінін де мәлімдеді.

«Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін», - деді экс-министр.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат