USD
USD
USD

Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

Алматының Алмалы ауданы полициясы прокуратураның тапсырмасымен Мақсат Керімбайұлы Дүйсеновке іздеп жарияланды.

Мақсат Дүйсенов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол бұрын қаржы полициясында және Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте басшылық қызметтер атқарған.

Еңбек жолы Қайрат Қожамжаровпен байланысты болғандықтан, оны  командасының мүшесі деп атайды. Мысалы, 2013–2014 жылдары Дүйсенов Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Сол кезде Қожамжаров Президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінде болған.

2016 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Дүйсенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысының орынбасары болып істеді. Ол уақытта Қожамжаров агенттікті басқарған.

2017 жылдың желтоқсанында Қожамжаров Бас прокурор болды. Ал 2018 жылдың қаңтарынан бастап Дүйсенов әуелі Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары, кейін Бас көлік прокуроры болып жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам