USD
USD
USD

Бұрын сотты болған ер адам базар қызметкерін тонап кеткен

Алматы полициясының қызметкерлері ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 1984 жылы туған К.есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды polisia.kz.

Бұрын сотты болған ер адам базар қызметкерін тонап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алатау ауданындағы базарлардың бірінде жүріп, сатушының сатып алушылармен қолы босамай жатқанын пайдаланып, сөреден ұялы телефонды ұрлап кеткен. Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалуымен де дәлелденеді.

– Жедел іс-шаралар барысында бұл адамның жеке басы, сондай-ақ ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Келтірілген материалдық шығын 250 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің Алматы аумағында осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасауы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Бұл нұсқа тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев