Бұрын байларға тиесілі болған сағаттар мен монеталар 117,6 млн теңгеге сатылды
Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания онлайн-аукцион арқылы 14 эксклюзивті қолсағат пен «Бата», «Беташар» және «Сүйіндір» атты коллекциялық монеталарды сатты. Жалпы мәміле сомасы — 117,6 млн теңге, бұл бастапқы бағадан 14,7% жоғары.

Алматы, NEGE. Аукцион алдында сағаттар мен монеталар тазартылып, сапалы етіп суретке түсірілді.
Ережеге сай, жеңімпазбен келісімшарт 10 жұмыс күні ішінде жасалуы тиіс. Активтер тек толық төлемнен кейін ғана тапсырылады.
Сатылымнан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Яғни, бұл ақша мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.
Қазір оқып жатыр
Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

