Референдум Референдум
11 Наурыз 09:03
...

Burger King-те жалақыдан заңсыз ұстап қалған

Burger King
Фото: depositphotos. com

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Burger King мейрамханалар желісін басқаратын QSR компаниясына қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру аяқталғанын хабарлады.

Референдум

Астана, NEGE. Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде жүргізілген.

«Тексеру барысында өтініш берушінің уәждері толықтай расталды. Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталды», – делінген ресми хабарламада.

Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген.

«Сондай-ақ, инспекторлар компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпегенін, ал персоналдың еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады», – дейді ведомство өкілдері.

Тексеру қорытындысы бойынша QSR-ге барлық анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87, 93 және 94-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Жағдай жұмыскерлердің еңбек құқықтары толық қалпына келтіріліп, берілген нұсқамадағы шаралар орындалғанға дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында болады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Burger King-тің жаңа келген басшыларының бірі аутизмі бар қызметкер Әлібек Қаратайға қысым көрсетіп, жұмыстан шығуға мәжбүрлегенін жазған едік. Әлібектің оқиғасын желіде анасы баяндап берді. Бұл жағдай қызу талқыланып, ел тұрғындары Burger King-ке бойкот жариялады. 

Ал Burger King Kazakhstan қоғамда резонанс тудырған жағдайға байланысты компанияның екі менеджері жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Референдум