USD
USD
USD

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Мәжіліс отырысында депутат Ерболат Сатыбалды жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді түсіндіріп өтті.

Ит
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, аталған заң жобасына сенаторлар бірқатар нақтылаушы түзетулер енгізген.

Атап айтқанда:

  • иесіз жануарлардың санын реттеу мәселелері, оның ішінде тәртібі мен мерзімдері жергілікті өкілді органдардың құзыретіне берілді;
  • «иесіз жануарлар» ұғымын нақтыланды;
  • жануарларды жансыздандыру туралы шешімді ветеринариялық қорытынды негізінде қабылдау нормасы толықтырылды және өзге де түзетулер енгізілді.

«Жалпы алғанда, Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы өзгеріссіз сақталады, енгізілген түзетулер нақталушы сипатқа ие. Заңның тұжырымдамасы өзгермейді. Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады және оны Сенат қолдады», – деді Ерболат Сатыбалды. 

Бұл ретте депутат Президенттің жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясындағы жануарларды есепке алу Сенат ұсынған редакцияда айқындалмағанын атап өтті.

«Сондықтан жануарларды есепке алу және чиптік меншік құқықтығын растаудың негізгі әрі тиімді тетігі болуы тиіс деп санаймыз. Қарапайым тілмен айтқанда, егер жануар есепке алынбаса, оның иесін анықтау мүмкін емес. Ал иесі анықталмаса, жауапкершілік те болмайды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулер әзірледі», – деп атап өтті депутат.

Айта кетейік, Қазақстанда аталған заң жобасы негізінде жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қатысты жазалау шаралары қатаңдатылмақ. Депутат Еділ Жаңбыршиннің түсіндіруінше, жануарларға зақым келтірген жағдайда, Қылмыстық кодекстің 316-бабының (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бірінші бөлімінде көзделген екі айға қамап ұстау мерзімін алты айға ұзарту ұсынылған. Осы баптың екінші бөлімінде жануарларды қатыгездікпен өлтіретін болса, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын бес жылға дейін ұзарту қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

.

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Temu

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

.

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Жаеуарларға қатыгездік таныту