Референдум Референдум
24 Ақпан 17:29
...

Бұралқы итке қатысты дау: Ресейде «Додо Пиццаға» байкот жарияланды

Ресей
Фото: instagram.com/arkadiydog

Ресейде «Додо Пицца» желісі төңірегінде жанжал өршіді. Әлеуметтік желі қолданушылары Челябі қаласындағы бұралқы итке қатысты оқиғадан кейін компанияға бойкот жариялады.

Референдум

Алматы, NEGE. Бұған курьер Михаил Савицкийдің жұмыстан шығарылуы себеп болды. Айтуынша, ол пиццерияның кіреберісінде түнеген итті «ДоДо пиццаның» фирмалық жамылғысымен жауып қойған.

Желіде басқарушының қызметкерлерге итті жабуға тыйым салып, жұмыстан шығарамыз деп ескерткен хабарламасының скриншоты тарады.

Курьер жұмыстан шығарылғаннан кейін адамдар теріс пікір жазып, қызметкерді қайта жұмысқа алуды, керісінше басқарушыны жұмыстан шығаруды талап етті. Сондай-ақ, желі қолданушылары қосымшаны өшіріп, пиццериядан тапсырыс беруден бас тартқан.

«Додо Пицца» негізін қалаушы Федор Овчинников Telegram каналында осы дауға пікір білдірді.

Оның айтуынша, енді Ресейдегі барлық «Додо Пицца» пиццериялары ресми түрде pet-friendly форматқа өтті, яғни келушілер үй жануарларымен бірге кіре алады.

«Біз бүкіл желі бойынша жануарларға арналған панажайларға жүйелі түрде көмек көрсетуді бастаймыз. Бұған дейін де панажайларға көмектесіп келдік, бірақ тек нақты қалаларда және көбіне жария етпедік. Енді жүйелі жұмыс жүргіземіз», – деп атап өтті «Додо Пиццаның» негізін қалаушысы.

Сонымен қатар, компания Челябідегі панажайға жіберілген «Додобоняның» күтіміне кететін шығындарды өз мойнына алатынын атап өтті. Айта кетейік, қазір ит жануарларды қорғаушылардың қарауында, бірақ еріктілерге оны ұстап алу үшін жеті сағаттан астам уақыт кеткен. Өйткені ит жабайы болып шыққан. Сондықтан оның қалпына келуі ұзаққа созылады. Компания панажайды қаржылай және ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Федор Овчинников жұмыстан шығарылған курьерден ресми түрде кешірім сұрады. Сондай-ақ Савицкий командаға қайта оралса, қуана қарсы алатынын атап өтті.

Бұған дейін компания қызметкерді  аталмыш жағдайға қатысты емес, өзге себептерге байланысты жұмыстан шығарғанын айтқан еді. Енді бұл жағдай толық тексеріледі.

Референдум