USD
USD
USD

Бурак Озчивит Ташкент кинофестивалінде жанжал шығарды

Ташкентте өткен 14-ші кинофестиваль әлемге әйгілі актер Бурак Озчивит пен актриса Нұргүл Есілтай басқа әртістермен бірге сахнаға шығудан бас тартқан.  

Бурак Озчивит Ташкент кинофестивалінде жанжал шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дөңгелек үстел кезінде әртістер сахнаға шыққысы келмегендерін айтқан. Танымал тұлғалардың мұндай көзқарасы басқа әріптестерін ренжітті. Әріптестері олардың бұл әрекетін менмендіктің көрінісі ретінде бағаланды.

«Түркия атынан 12 адамнан тұратын үлкен делегациямен келген халықаралық шарада олар біздің қасымызға отырғысы келмеді, ұйымдастырушылар бәрімізді сахнаға шақырды. Сахна артында «Мен бармаймын, ол жерде отырмаймын» деген сөздерді естідік», – деді актерлер.

Жанжал ұзақ уақыт бойы басылмай, жанкүйерлер мен басқа өнер иелерінің арасында дау тудырған. Сондай-ақ телебағдарламада Сердар Гөкхан, Бурак Озчивит қызғаныштан әріптестерімен бірге отырғысы келмейтіні туралы айтқанын естігенін мойындады. Актердің айтуынша, олар Түркиядағы ең жоғары жалақы алатын актерге қызғаныш білдірмейді.

Айта кетейік, Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демирджан Ташкентте өткен фестивальде түрік өнерпаздарының мінез-құлқы үшін шараға келген көрермендерден ресми түрде кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk

Қарин, Бектенов, Балаева: үш тағайындаудың астарында не жатыр?

Қарин, Бектенов, Балаева

Болат Өтемұратов Монакодағы ең қымбат аудандардың біріне инвестиция құйған

Болат Өтемұратов

Қазақстан Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтуға дайын – Тоқаев

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы