USD
USD
USD

Бурабайдағы отшашу: бес жұлдызды қонақүй иесі жауапқа тартылды

Бурабайда орманды аумақта отшашу ұйымдастырған Rixos Lake Borovoe қонақүйінің иесі мен пиротехникалық компания әкімшілігі жауапқа тартылды. Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ұлттық парк
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. 8 тамызда әлеуметтік желілерде Бурабайдағы Щучье көлінің жағасында отшашу атылғаны түсірілген видео тараған. Кадрлар қоғамның қызу талқысына түсті.

Телеграм арналардың жазуынша, отшашу «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына жақын жерде, өрт қаупі жоғары кезеңде ұйымдастырылған. Бұл уақытта өңірде өрт қаупінің бесінші, яғни ең жоғары класы болған.

Ақмола облысының ТЖД оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп, отшашудың ұлттық паркке іргелес орналасқан танымал бес жұлдызды қонақүй аумағында атылғанын анықтады.

«Өрт қаупі жоғары кезеңде, желді ауа райында пиротехникалық бұйымдарды (отшашуды) іске қосуға рұқсат бергені және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін қонақүй иесі мен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан ұйым ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», – деп хабарлады Ақмола облысының ТЖД.

Ведомство өрт қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Өрт шығу қаупі бар жерлерде ашық от жағуға және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол берілмейді.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі