USD
USD
USD

Бурабайда әйелдің күйген мәйіті табылды

Бурабай ауданында әйелдің күйген денесі табылуына байланысты полиция түсінік берді.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде Бурабай ауданында әйелді өлтіру дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Жедел–іздестіру іс-шарасы барысында осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі күдікті анықталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Бурабай ауданы аумағындағы орман алқабынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жарияланған болатын. Жазбада әйелді ішімдік ішу кезінде таныстары өлтіріп, артынша орманның ішіне апарып денесін өртегені айтылады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық