USD
USD
USD

Бурабайда 22 жастағы астаналық қыз квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды

Ақмола облысының Бурабай ауданында 22 жастағы қыздың қазасына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы тіркелді.

жол апаты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Өңірлік полиция қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 7 шілде күні болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы автожол учаскесінде елорданың 22 жастағы тұрғыны квадроциклмен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», – делінген полиция хабарламасында.

Квадроциклде тағы бір жолаушы – 2007 жылғы Астана тұрғыны болған. Ол медициналық көмекке жүгінді.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оның ішінде квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, техниканы жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін өзге де себептер тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.