USD
USD
USD

Бурабай курортында ақылы автотұрақ пайда болды

1 қарашадан бері Абылай хан алаңының маңында ақылы автотұрақ жұмыс істеп тұр. Бұл шешім ыңғайлы, қауіпсіз және экологиялық таза орта құруға бағытталған.

Машина
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тұрақта алғашқы 10 минут тегін тұруға болады, одан кейінгі әр сағаты - 150 теңге. Ақылы паркинг 150 көлікке есептелген және тәулік бойы жұмыс істейді, ондағы барлық жүйе автоматтандырылған.

− Бұл шара ең алдымен жүргізушілердің уақытын тиімді пайдалануға ықпал етеді деп күтеміз. Өйткені ретсіз көлік қою салдарынан көптеген адам бос орын таба алмай қиналады. Оған балама ретінде жақын маңда 67 орынға арналған тегін паркинг те бар. Ақылы паркингтен түскен барлық қаражат туристік аймақтың инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруға жұмсалады, − деді «Бурабай даму» ЖШС бас директорының орынбасары Сүлеймен Қадыров агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ақылы автотұрақ курорттық аймаққа алғаш рет енгізіліп отыр. Барлық жол белгілері мен шлагбаумдар орнатылған.

Сонымен бірге мүгедектігі бар жандарға да арнайы 4 орын қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Спортты көпшілікке қолжетімді ету: Көк-Жайлау қандай мүмкіндік ашады?

Шаңғы