USD
USD
USD

Бурабайдағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды

«Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды, оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.

Бурабайдағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қонақүй қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелген.  Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-еуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған, ал қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды. 

«Қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақүйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», - деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс