USD
USD
USD

Бурабайда жүгіру мен жүзуден жарыс өтеді

Алдағы демалыс күндері Бурабайда жүгіру мен жүзуден ауқымды жарыс өтеді. 13 елдің өкілдері қатысатын шараны тамашалау үшін 100 мың адам жиналмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бурабайда жүгіру мен жүзуден жарыс өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортшылар 12 және 35 шақырым қашықтыққа жүгіреді. Ал жүзу бойынша сайыс Кіші Шабақты көлінде өтеді. Олар өз қалауы бойынша 1 немесе 3,8 шақырым қашықтықты таңдай алады. Жиналғандар тек спорттық жарыстарда бағын сынап қана қоймай, курорттық аймақта қоқыс жинауға көмектеседі. Ұйымдастырушылар салауатты өмір салтымен қатар, тазалақты сақтау қағидасын насихаттамақ.

Соңғы жарты жылда Бурабайға келген турист саны 2 есеге артып, 550 мың адамды құрағанын ескерсек, табиғатты аялау маңызды мақсаттардың бірі. Жарысты ұйымдастыруға атсалысқан «Қазақтуризм» компаниясының өкілдері мұндай жарыстар курорттарға деген қызығушылықты арттырады дейді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу