USD
USD
USD

Бурабайда ұрланған iPhone Астанадағы ломбардтан табылды

Бурабайда ұрланған iPhone-ды полицейлер астаналық Ломбардтан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабайда ұрланған iPhone Астанадағы ломбардтан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 мамырда Бурабай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның Бурабай курорттық кентіндегі қонақүйлердің бірінде белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы қызметкерлерге арналған киім-кешек бөлмесінде қалдырылған өзіне тиесілі IPhone телефонын ұрлап кеткендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Залал сомасы 450 мың теңгені құрады.

Ер адам бұл телефонды сол күні сатып алғанын және жұмыс ауысымының басталуына байланысты мобильді құрылғыны шкафта қалдырғанын айтты. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін, түнгі сағат 00:25 шамасында жәбірленуші телефонының жоғалып кетткенін анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады.

Заттай дәлел тәркіленді. Полицейлер ұрланған IPhone-ды ер адам елордалық ломбардтардың біріне тапсырғанын анықтады.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.