USD
USD
USD

Бурабайда күшті желден суға кете жаздаған 19 адам құтқарылды

Ақмола облысының Бурабай көлінде бір күнде 19 адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бурабайда күшті желден суға кете жаздаған 19 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  5 шілде кешкі 20:00 кезінде Бурабай көліндегі патрульдеу кезінде құтқарушылар 19 адамды жағаға шығарды. Оның ішінде жетеуі бала. Туристер жел күшейген кезде көл үстінде қайықта және катамаранда отырған. Олар өз бетінше жағалауға жете алмаған. «Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ» деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін тағы да еске салады. «Су айдынында барынша сақ әрі мұқият болыңыздар» деп ескертеді ведомство.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров