Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады

 Бурабай демалыс аймағында қоқыс өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған республикалық рейд барысында белгілі болды7

Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл соңына дейін Бурабай ауданы, демалыс орны және Щучинск елдімекенінен шығатын қоқыс-қалдықты өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Зауыт инвестордың есебінен салынады және ол үшін 200 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ.

Тағы бір айта кететін жайт - зауыт тек қана қоқысты тазалап қана қоймай, оны сұрыптап, өңдейді», - деді Ақмола облысы Бурабай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жетекшісі Әділет Рахымжанов. Коммуналдық шаруашылық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бурабайдағы қоқыс полигонында 60 мың текше метр қоқыс жатыр. Айта кетсек, бұған дейін еліміздегі демалыс орындарының тазалығын бақылайтын республикалық рейд басталған еді. 

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG