USD
USD
USD

Бурабай курортында Toyota Camry көлігі аударылып, 4 адам қаза тапты

Бурабай курортында жол апаты болды.

Бурабай курортында Toyota Camry көлігі аударылып, 4 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Бурабай курортында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды. Оның ішінде бір бала бар, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Апат курорт маңында, Астана-Петропавл тасжолында болған. Соның салдарынан зардап шеккен тағы 2 адам ауруханада жатыр.

Toyota Camry-40 автокөлігінің жүргізушісі Бурабай кентіне бұрылған кезде рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан 30 жастағы көлік жүргізушісі мен зайыбы, 41 жастағы жолаушы және 2009 жылы туған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, - деді ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Қаза тапқан жүргізушінің көлікте 1 жасар қызы да болған. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

6 жасар жолаушы травматология бөлімінде жатыр. Ал 39 жастағы әйелдің жағдайы ауыр, - дейді Гүлнәр Пинчук.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу») бойынша тіркеліп, тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.