USD
USD
USD

Бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің көмекшісі жұмысынан босатылды

Қарағандыда балабақшалардың бірінде бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің  көмекшісі жұмысынан кетті.

Бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің көмекшісі жұмысынан босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда білім бөлімінің мәліметінші баланың ата-анасы шағым түсірмеген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Дәлізге жатып алған баланы сүйретіп әкетіп бара жатқан әйелдің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиген еді. Видеоны балабақша медбикесі осыдан бір ай бұрын түсіріп алған, бірақ желіге енді ғана жариялапты. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, мекемеде 3 айдан бері бейне бақылау камерасы жұмыс істей бастаған. Бұған дейін мұндай жағдай тіркелмеген.

«Кешегі видеодадағы тәрбиеші емес, тәрбиешінің көмекшісі. Сол баланың ата-анасы келді. Ешқандай шағым жоқ екенін айтып, мұндай жағдай балабақшада қайталанбасын деп ескерту жасады. Бүгінгі таңда бұл тәрбиеші көмекшісін жұмыстан шығардық және де осы баланың тәрбиешілерімен, тәрбиеші көмекшілерімен ары қарай жұмыс жүргіземіз», – деп мәлімдеді «Армашка» балабақшасының директоры Азиза Айтқұлова. 

Қазір мекемеде қызметтік тексеріс басталған. «Оның құрамында жергілікті әкімдіктің қарамағындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының төрағасы, «Nur Otan» партиясының өкілі де бар. Баланың анасы арызданудан бас тартты. Негізі бұл мекемеде 300 бала тәрбиеленеді, сұранысқа ие, бұрын соңды ондай оқиға тіркелген жоқ», – деді білім бөлімі басшысының орынбасары Татьяна Головина.

Айта кетейік, 2018 жылы Теміртауда баланы ұйықтату үшін айқайлап тұншықтырған 50 жастағы балабақша тәрбиешісі 120 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына кесілген еді. Баланың ата-анасына 200 мың теңге моральдық шығын өндірілген. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов

«Қазақмыста» тағы да еңбек дауы: кеншілер басшылыққа қандай талап қойды?

.