USD
USD
USD

Бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев марапатталды

Елордада 8-қабаттан құлап бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалған азамат марапатталды. 

Бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астанада 8-қабаттағы терезеден салбырап тұрған баланы құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ТЖ бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Күлшімбаев Ибрагим батыр азамат Шонтақбаев Сәбитті «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ол елордада баланы терезеден құлаудан құтқарды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 11 мамыр күні сағат 10:21-де «Ұлы Дала көшесі, 27/1» мекенжайындағы үйдің 8-қабатындағы терезеде баланың ілініп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілген.

Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде сегізінші қабаттағы балконның карнизіне ілінген баланы ер адам құтқарғаны анықталды.

«2019 жылы туған қыз бала терезеден ауып кеткен кезде үйде ешкім болмаған. Қуантарлығы, біздің кейіпкеріміз — 1985 жылы туған Сәбит Шонтақбаев, оны құтқарып қалды.

Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған сәтті оқиға, бірақ қайғылы нәтиже беретін көптеген фактілер бар.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыздар!» деп түйінделген ТЖМ хабарламасы.
Айта кетейік, бұған дейін елордада 8 қабаттағы терезеден салбырап тұрған бүлдіршінді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич