USD
USD
USD

Бұл мәселені жақсы білеміз – Дәурен Абаев «Ирина Қайратовна» тобы туралы

Мәдениет

Бұл мәселені жақсы білеміз – Дәурен Абаев «Ирина Қайратовна» тобы туралы
Фото: NEGE.kz

және спорт министрі Дәурен Абаев әртістердің сахнадағы өрескел іс-қимылдары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Ирина Қайратовна» тобының оқиғасына қатысты, әртістердің сахнаға мас болып шыққаны үшін жауапкершілік енгізесіздер ме?», - деп сұрақ қойды тілшілер Үкімет отырысынан кейінгі сұхбатта.

«Шын мәнінде елімізде мыңдаған концерттер өтеді, осындай оқиғалар да болып жатады. Бірақ мыңдаған әртістердің бәрі сахнада өрескел қылық көрсетіп жүрген жоқ. Бұл мәселені жақсы білеміз және қарастырып жатырмыз. Жақын арада осы бағытта не істейтініміз туралы нақты нәтижелер береміз деп ойлаймын. Мәселе әлі талқыланып жатыр. Кім кімге шағым түсіруі керек, полицияға кім хабарлауы керек, жауапкершілік кімде, әлі ештеңе белгісіз», - деп жауап берді Д. Абаев.

Сонымен бірге министрге ресейлік тиктокшылардың көптеп келіп жатқаны, олардың да масаң күйде жүретіні, көп тәртіпсіздікке баратыны және қалай қадағалатыны туралы сұрақ қойылды.

«Заң бәріне ортақ. Тиктокшы бола ма, бастық немесе қатардағы адам болса да, заң мен нормалар анық жазылған. Шартты түрде айтсақ, ресейлік тиктокшылар тәртіп бұзса, еліміздің заңы бойынша жауапқа тартылады. Ал өзін тәртіпті ұстаса – қандай мәселе көріп тұрсыздар?», - деді Д. Абаев.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park