Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бұлар кімдер? Ресейлік әншілер Димашты сынаған қазақстандық әртістерге шүйлікті (видео)

Ресейлік танымал әртістер Димаш Құдайбергеннің өнерге енді қадам басып келе жатқан сәтіндегі видеолардың біріне куә болып, оны сол кезде сынға алған қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін қызу талқыға салды деп жазады.

Бұлар кімдер? Ресейлік әншілер Димашты сынаған қазақстандық әртістерге шүйлікті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Димаш "Жыл әніне" арналған бағдарламаның қонағы болды. Студияда танымал ресейлік орындаушылар мен әртістер жиналды: Валерий Леонтьев, Лев Лещенко, Николай Басков, Игорь Крутой, Григорий Лепс, Сергей Лазарев, Дима Билан, Лолита, Александр Ревва.

Бағдарлама барысында қазақстандық әнші жақында бейнебаяны жарық көрген "Я скучаю по тебе" әнін композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен шырқады.

"Бұл әнші сахнаға шыққан кезде бізге "Біздің күніміз" деген сөздер жазылған мыңдаған пікірлер түседі", - деп тележүргізуші Димашты таныстырды Андрей Малахов.

Эфир кезінде ресейлік әртістерге 17 жастағы Димаш қатысқан шоудан үзінді видео көрсетілді. 2013 жылғы бейнежазбада "Ел Арна" телеарнасындағы "Саз  әлемі" бағдарламасының қазылар алқасы Димашты сынаған еді.

Видеоны көргеннен кейін ресейлік жұлдыздар пікірін айта бастады.

"Жалпы, бұл кімдер?", - деп сұрады Басков пен Малахов.

"Тыныс алудың, оны ұстап тұрудың, шығарудың не екенін, бәрін қалай басқаруға болатынын білмейтін сыншы адамды, әншіні қалай бағалай алады. Бұл мен циркке немесе балетке келіп, акробаттарды немесе Цискаридзе мен Плисецкая билерін сынағанмен бірдей.  Бұл мүмкін емес, бұл шығармашылық", - деп толықтырды Басков.

Сондай-ақ көрермендерге Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың өнер көрсетуінің мұрағаттағы кадрлары көрсетілді.

"Керемет! Міне, сенің кімге ұқсағаның белгілі болды", - деп әнші Николай Басков Димаштың анасының дауысына таң қалды.

"Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, ата-анама және, әрине, бірінші кезекте үлкен ата-анама алғыс айтамын. Мені қазақтың әдет-ғұрпы бойынша бала кезімнен ата-әжемді ана мен әкем деп айтуға үйретті. Атам мен әжемнің, ата-анамның арқасында өмірімдегі барлық нәрсе мен қалағандай болыпжатыр. Мен оларды өте жақсы көремін", - деді Димаш.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф