USD
USD
USD

Бұл кеш, бұрынғы кештен өзгерек

Ұлы дала елінің әуендерін әлемге паш еткен «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі елорда төрінде сахнадағы 10 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Бұл кеш, бұрынғы кештен өзгерек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен желтоқсан айының бірінші жұлдызында өтетін ансамбльдің жеке шығармашылық кешінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, «Astana musical» мемлекеттік театры, Қазақ ұлттық хореография академиясының әртістері және әнші Меруерт Мүсірәлі  өнер көрсетеді. 

Қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен көне күй-жырларды насихаттайтын бірегей топ, ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа форматта ұсынып жүр. Он жылдық тарихы бар өнер ұжымы бүгінде қазақ музыкасын әлемге әйгілеп, 70-тен астам шет мемлекетте 600-ден аса  жеке кештерін беріп үлгерген.  Ендеше, ұлттық өнерімізді  ұлықтап, шет мемлекеттерге дәріптеп  жүрген «TURAN» этно-фольклорлық тобының шығармашылық кешінен құр қалмаңыз!

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy