«Бұл – қару жылы». Танымал сәуегей «Қанды қаңтардан» кейін елде не болатынын айтты

да алдын-ала болжай білген нумеролог Құралай Бақытқызы Nege.kz тілшісіне алдымызда қандай өзгеріс болатынын айтты.
«Қаңтар оқиғасы – қысқа мерзім ішінде жиналып жасалған форс-мажор. Өткені, қаңтар айы – жоспарсыз ай. Жаңалықтарда айтып жатқандай, бұл жағдайды біреулерді ұзақ уақыт жоспарлаған деп ойламаймын», – дейді сандар сәуегейі.
Оның айтуынша, елімізде болып жатқан дүрбелең – 2021 жылдың жалғасы. Жаңа жылдың энергиясы тек қана ақпан айының 5-інен бастап кірмек. Шығыс күнтізбесі бойынша, жаңа жылдың қуаты сол кезден басталуы тиіс.
«Қазақтар жаңа жылды Наурыздан бастап есептейді. Бұл да сол сияқты нәрсе. Қаңтар айы – 2021 жылдың салдары. Бұл жыл консервативті, әскерилер мен медицина жылы болды. Ал осы жыл жаңа дәуірдің, жаңа циклдің, әділеттіліктің жылы. Адамдар жаңалықтарға ұмтылады. Бұл жыл – инновация, инфобизнес, экспорт, импорт, туризм және логистика жылы. Сондай-ақ, жол картасы, жол жөндеу жылы», – дейді Құралай Бақытқызы.
Сәуегейге сенсек, 2021 жыл металл жылы болып саналды. Сондықтан арандатушылық, қару тағы да басқа нәрселердің жылы. Қауіп-қатер металлдан келген.
Қазан айында Құралай Бақытқызы: «Бізге екі жыл қатарынан 13 саны түсті. Бұл — ауыр сан. Қазір еліміздің жасы енді отызға толады», – деп болжам жасаған еді. Жарақат қаупі бар жылдарда қауіп-қатер, көлік қақтығысы, адамның денсаулығының сыр беруі көп кездеседі.
«29-30 жаста бізге әлі қатер сандары түсіп тұр. Менің талдауым бойынша, бұл келесі жылдың 29 маусымына дейін созылады», – деген еді нумеролог сол кезде.
«2022 жылы үлкен көтеріліс болады деп айта алмаймын. Бірақ митингтер болуы мүмкін. Бірақ қауіпті айлар бар. Ол – сәуір және шілде, қазан айлары. Қазақстанда қазан айында мерекелерді алып тастаған еді. Қазан айында радио күні деп белгіленгенді естідім. Бұл дұрыс емес», – дейді ол алдымызда болатын жайттарға көз жүгіртіп.
Құралай Бақытқызы 2022 жылы 2 саны үш рет кездесетініне баса назар аударып отыр. Жиынтығы – 6. Бұл жылы адамдар ақша жинауға ден қояды екен.
«Көп адам кредиттерін жабады. Адамдар ақшасын оңды-солды шашпай, депозитке ақша жинай бастайды. 6 саны – тұрақтылық саны. Туған күнінде 6 саны бар адамдар еңбекқор адамдар болады. Бұл жылы көп адам ақша үнемдеп үйренеді. Сондай-ақ, интуиция жылы десе де болады. Бұрын көп қателік, әділетсіздік болса, енді барлық адам әділет іздейді. Әділетті заңдар шығып, халықтың жағдайы жақсаруы ықтимал. Одан бөлек жаңа дәуір басталады. Заманауи цикл», – деді Құралай Бақытқызы.
Оның болжамынша, биыл көші-қон күшеймек. Инвестицияға баса мән беру керек. Биыл шағын бизнес дамитын еңбекқорлардың жылы деп атауға болады.
Айта кететін жайт, үлкен саяси өзгерістің алдында сандардың орналасуы, оған билік пен астананың ауысатынын көрсеткен. Бірақ «бұл мүмкін емес» деп, нумерологтың өзі де сенбепті. Десе де, өмір оның екі болжамының рас екенін көрсетіп берген. Назарбаевтың орнына Тоқаев президент болып сайланса, Астананың аты Нұр-Сұлтан болып өзгерген.
Нумеролог бұдан төрт ай бұрын әскерилердің айы оңынан туатынын айтқан.
«Жалақылары өсіп, ауыс-түйіс, құрылымдық өзгерістер болуы мүмкін. Бұл – қорғаныс айлары. Еліміз қорғанысқа қатты мән беруі тиіс. Арандатушылықтан сақтану ләзім», – деген еді Құралай Бақытқызы сол кезде.