USD
USD
USD

«Бұл жігіттерді әлі дайындаймыз»: Нұрсұлтан Мамаев таеквондошылар додасын қорытындылады

Таеквондодан Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлтан Мамаев Париж Олимпиадасын қорытындылап, спортшылар нәтижесіне баға берді, деп жазады Olympic.kz.

Нұрсұлтан Мамаев
Фото: Сали Сабиров

Алматы, NEGE. «58 келідегі Самирхон Абабакиров бұл Олимпиадаға алтын алады деп келгенбіз. Себебі, оның ең басты қарсыласы италиялық спортшы болатын. Соңғы Олимпиаданы, әлем чемпионатын, Еуропа біріншілігін жеңіп алған атлет сол еді.

Самирхонды жеңілді деп айта алмаймын. Соңғы секундтар ғана шешіп кетті. Оның қалай айқасқанын көрдіңіздер. Тәжірибесі де, шеберлігі де жоғары. Енді біз Абабакировты 68 келіге ауыстырамыз.

Ал Батырхан Төлеуғали тым жас спортшы. Ол мұндай үлкен ареналарды әлі көрмеген. Жақында Симоне Алессиомен кездесіп, терезесі тең өнер көрсеткен. Өкінішке қарай, бүгін есе жіберді. Бұл жігіттерді келесі Олимпиадаға дайындаймыз», - деді Мамаев.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком