USD
USD
USD

«Бұл – жабайылық»: Қазақстан футболында төрешіге қатысты тағы дау шықты

«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович «Ордабасыға» қарсы матчтан кейін төрешінің жұмысын сынға алып, оның өзін және ойыншыларды балағаттағанын мәлімдеді. Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында өткен кездесу Семей командасының өз алаңында 1:3 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Андрей Карпович
Фото: kffleague.kz

Астана, NEGE. Карпович бас төреші Арман Есмұратовтың кей шешімдерімен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, «Ордабасының» алғашқы голына әкелген айып добы және «Елімайдың» есепке алынбаған голы матчтағы шешуші сәттер болған.

Алайда бұдан бұрын бас бапкерді төрешінің балағаттағаны ашуландырған. Карповичтің айтуынша, Есмұратов ойыншылар мен жаттықтырушылар штабының мүшелерін балағаттаған.

«Ол бүгін бүкіл облысымызды және барша жанкүйерімізді қорлады», – деп мәлімдеді Карпович.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Есмұратов чемпионаттың қалған бөлігінде «Елімайды» қыспаққа алатынын айтып, өзіне қоқан-лоқы көрсеткен.

«Бұл – жабайылық! Егер ол мені "жыртып тастағысы" келсе, мен әрқашан дайынмын, бірақ өзі "жыртылып кетуі" мүмкін. Бұл – футболда жол беруге болмайтын өрескел жағдай», – деді Карпович.

Бұл ретте Карпович «Ордабасыны» мықты команда деп санайтынын атап өтті.

Әзірге Қазақстан футбол федерациясы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Арман Есмұратов бұған дейін де дауға іліккен болатын. Ол  2021 жылғы маусымның басында «Атырау» футболшысы Сәбит Тастанбековтің Қарағандының «Шахтер» клубына қарсы матчында соққыға жыққаны үшін бір жылға жұмыстан шеттетілген еді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар