Бұл келісім Бакудің тұрақты, бейбіт өмірге ұмтылысының көрінісі – Әлиев

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ тарапына Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісім жасаудағы шешуші рөлі үшін алғысын білдірді. Бұл оқиғаны ол Оңтүстік Кавказды дамыту мен ондағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы тарихи қадам, деп бағалады, деп хабарлады Kazinfrom.
Алматы, NEGE. Егер президент Трамп пен оның командасы және біздің жақын досымыз Уиткофф пен оның командасы болмағанда Армения мен Әзербайжан осы уақытқа дейін келіссөз жүргізіп жататын ба еді,-деді президент.
АҚШ тарапынан жасалған шешуші қадамдардың бірі «Бостандықты қолдау туралы актіге» енгізілген 907-ші түзетуді алып тастау болды. Ол 1992 жылдан бері Әзербайжанға тікелей көмекке тыйым салып келген еді. Әлиев бұл қадамды тарихи маңызды деп бағалады.
"Мен президент мырзаға 33 жылдан кейін шектеуді алып тастағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Әзербайжан халқы бұл күнді зор ризашылықпен, абыроймен есте сақтайтын болады,-деді Әлиев.
Бейбітшілік болашағы туралы айта келе Әзербайжан басшысы келісімнің Бакудің тұрақты бейбіт өмір мен өңірлік интеграцияға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті.
Бұл ретте ол Әзербайжан аймақтарында қауіпсіз көлік дәлізінің ашылғанын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл дәліз өңір үшін де Арменияның өзі үшін де көп мүмкіндік ашады.
Журналистердің сауалдарына жауап бере келе Әзербайжан президенті келісімге реми қол қоюды жеделдету қажеттігін атап өтті.
"Егер құжатқа алдын ала қол қойылған болса, оны ресми бекіту ісі созылып кетпеуі керек,-деп қосты ол. Бұл ретте президент Арменияның Әзербайжанға территориялық талап қоймауы керектігін ескертті.