USD
USD
USD

«Бұл – қарымта жауап» – Путин Днепрге жаңа баллистикалық ракетамен соққы жасалғанын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға орта қашыққа ұшатын жаңа баллистикалық "Орешник" ракетасымен соққы жасағанын мәлімдеді.

Ресей
Фото: АР

Путиннің мәлімдеуінше, бұл – Киевті «америкалық және британдық алысқа ұшатын қару түрлерін» пайдалануына жауап. Бұл жөнінде Ресей президенті 21 қараша кешке видеомәлімдемесінде айтты.

Днепрге баллистикалық ракетамен соққы жасалғаны 21 қараша күндіз белгілі болған. Путиннің сөзінше, оның алдында 19 және 21 қарашада америкалық және британдық ATACMS және Storm Shadow ракеталары Ресейдің Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасауға пайдаланылған. Путин Курск облысында шетел ракеталары командалық пунктті нысанаға алғанын растады. Оның сөзінше, қаза болғандар мен жараланғандар бар, бірақ олардың санын нақтыламады. Дегенмен оның айтуынша, командалық құрам зардап шекпеген. 

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors