USD
USD
USD

Бұқтырмаға батып бара жатқан адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасына батып бара жатқан ер адам құтқарылды.

Бұқтырмаға батып бара жатқан адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасына 40 жастағы азамат батып кете жаздаған.

«Белгілі болғандай, ер адам матраспен жағадан алысқа жүзіп кеткен балаға көмектеспек болды. Кенеттен ол суға бата бастады. Мұны байқаған куәгерлер көмекке ұмтылып, оны судан алып шыққан», – делінген ақпаратта.

Алайда азамат жағада өзін жайсыз сезінді. Сол кезде оған құтқарушы Нұржан Жолжақсынов алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адам аман-есен.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт