USD
USD
USD

Букингем сарайы біраз уақыт мемлекеттік сапарларды қабылдамайды

Букингем сарайы жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы үш жылда мемлекеттік сапарларды қабылдамайды. Бұл туралы SThe Times басылымы жазды.

сарай
Фото: uz.m.wikipedia.org

Алматы, NEGE.  2027 жылға дейін барлық мемлекеттік сапарлар Виндзор қамалында өтеді. Букингем сарайының жабылар алдындағы соңғы қонағы желтоқсан айында баратын Катар әмірі болмақ.

Сарайдың қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және он жылға созылады. Жөндеуге 369 миллион фунт стерлинг (230 миллиард 427 миллионға жуық теңге) жұмсалмақ.

Жөндеу кезінде ең сәнді залдардың кейбірі жабылады. Басылым мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты британ королі Чарльз III жеке кабинеті мен тамақтану орнын ауыстарған.

Лондондағы Букингем сарайы Британдық тәждің негізгі ресми резиденциясы саналады. Ғимаратта 775 бөлме болса, оның 19-ы мемлекеттік қабылдаулар мен іс-шараларға арналған.

Сонымен қатар Букингем сарайында 92 оқу бөлмесі мен 78 әжетханасы, монархқа, корольдік отбасы мен қонақтарға арналған 52 жатын бөлме және қызметкерлердің 188 жатын бөлмесі бар.

Виндзор сарайы ағылшын округі Беркширде орналасқан. Готикалық стильдегі тас ғимаратты 11 ғасырда сәулетші Хью Мэй салған.

Сарай бірнеше рет қайта салынды. Соңғы рет 1992 жылы өрттен кейін қалпына келтіріліп, заманауи келбетке ие болды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар