USD
USD
USD

Бүкіл Италия халқына үйден шықпауға кеңес берілді

Коронавирусқа қатысты шектеулер 10 наурыздан бастап бүкіл Италия жұртшылығына  ортақ болады. Бұл шараға қатысты жарлыққа Италия премьер-министрі Джузеппе Конте қол қойды.

Бүкіл Италия халқына үйден шықпауға кеңес берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкіметтің 7 наурыз күні түнде елдегі 14 провинцияға енгізген шектеулері 10 наурыздан бастап бүкіл Италия бойынша қолданылады. Бұл туралы Corriere della Serra басылымына сілтеме жасап iz.ru. хабарлады. Яғни, жаңа шектеулер медициналық себептер мен төтенше жағдайлардан басқа қозғалыстың барлық түріне тыйым салады.

Осылайша Италия үкіметі коронавирустың таралуын тоқтатуға тырысуда. Италияның азаматтық қорғаныс комитетінің 9 наурыздағы мәліметі бойынша 9 172 адам ауру жұқтырса, олардың 463-і қайтыс болған. 700-ден астам адам әлі жансақтау бөлімінде.

Премьер-министр Джузеппе Конте: «Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін әркім бір нәрседен бас тартуы керек. Біз кейбір әдеттерден арылуға тиіспіз. Өйткені жағдай тым қиын. Сондықтан әркім өз үйінде отыруға міндетті» деді

Италия үкімет басшысы футбол чемпионаты мен елдегі барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылатынын, Италиядағы мектептер 3 сәуірге дейін жабылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, университеттерде де сабақ өткізілмейді.

Жарлыққа сәйкес, Италиядағы кафелер, мейрамханалар, би алаңдары, мұражайлар,  театрлар мен кинотеатрлар бүгіннен бастап жұмысын тоқтатады.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары