USD
USD
USD

Бұқаралық медианы заңнамалық реттеу мәселелері талқыланып жатыр

 Елордада бұқаралық медианы реттеу жөніндегі заңнама тұжырымдамасын талқылауға арналған конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқаралық медианы заңнамалық реттеу мәселелері талқыланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев, Конрад Аденаэуер атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханес Рай, БАҚ саласы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, заңгерлер қатысуда. Конференция аясында бұқаралық коммуникация құралдарының қызметін заңнамалық реттеудің қаиғадаттары мен мақсат-міндеті, медиа саланы заңнамалық реттеудің проблемалары, журналистердің ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері, ақпарат саласында мемлекеттік мүдде мен азаматтардың құқығын үйлестіру тетіктері, цифрлық дәуірдегі журналистиканың құқықтық қырлары, дәстүрлі БАҚ-ты қолдау сияқты мәселелер талқыланбақ.

Екі сессияға жоспарланған шараның бірінші бөлігі «Бұқаралық медианы заңнамалық реттеудің тұжырымдамасы» деген тақырыпқа арналса, екінші бөлігінде «Медиа заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері» талқыланады. «Біз осы арада түрлі ойлар мен ұсыныстарды ести аламыз деп ойлаймын. Заңнамалық өзгерістер саланы дамытуға жұмыс істегені маңызды. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан алсақ, қазақстандық БАҚ өзара ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекеге түсіп жатыр. сондықтан отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде болу керек. Заңнамалық өзгерістер осы мәселеге де бағытталуы керек деп есептейміз», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев конференцияның ашылуында.

Қазір оқып жатыр

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық аудармауына не себеп?

Самұрық-Қазына