USD
USD
USD

Бүгін үш қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

Бүгін, 14 қыркүйекте синоптиктер еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтілетінін болжады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ауа райы
Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы, NEGE.14 қыркүйекте Ақтөбе, Балқаш және Қостанай қалаларында ауаның ластануы қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - делінген синоптиктердің хабарламасында,

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс