USD
USD
USD

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Наурыз – жыл басы,  ежелден тойланатын көктем мерекесі. Ұлыстың ұлы күні – табиғат жаңғыруының, жаңа жылдың басталуы мен халықтың ауызбірлігін бекемдейтін еліміздегі жарқын әрі ұлық мейрам.

Наурыз
Фото: NEGE

Наурыз – жыл басы, жаңару мен молшылықтың, татулық пен бірліктің мейрамы. Өткеннен сабақ алып, болашаққа жарқын үмітпен қарауды, ізгілік пен жақсылықты дәріптейтін мереке.

Наурыз – бүкілхалықтық мейрам. Ұлыс күнін жаңа жылдың бастауы ретінде 3 мың жылдан бері Балқан түбегі, Қара теңіз аймағы, Кавказ елдері, Орталық Азия және Таяу Шығыс өңірін мекен еткен миллиондаған адам тойлап келеді. 

Наурыз мейрамын ұлты мен дініне қарамастан әрбір қазақстандық отбасы атап өтеді.

Бұл күндері бір-бірінің реніштерін кешіріп, игі істерге ұмтылу әдетке айналған.

«Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық