USD
USD
USD

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы бір мәлімдеме жасап, бүгін түнде «47 жылға созылған бопсалау, жемқорлық пен өлім-жітім ақыры аяқталатынын, бұл әлем тарихындағы ең маңызды әрі күрделі сәттердің» бірі болатынын айтты.

Дональд Трамп
Фото: Фото: m24.ru

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады әрі ешқашан қалпына келмейді. Мен мұны қаламаймын, бірақ солай болуы әбден мүмкін.

 

...Біз мұны бүгін түнде әлем тарихындағы маңызды әрі күрделі сәттердің бірінде білеміз. 47 жылға созылған бопсалау, жемқорлық және өлім-жітім ақыры аяқталады. Ұлы Иран халқын Құдай жарылқасын!», – делінген жазбада.

Еске салсақ, бұған дейін де Трамп Иранға қыр көрсеткен еді. 5 сәуірде Иранға келісімге келу үшін 48 сағат уақыт беріп, талап орындалмаған жағдайда «тозаққа айналатынын» ескерткен .

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан