USD
USD
USD

Бүгін түнде Елордада қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады

Ауа райының күрт суып, қар жауына байланысты Астананың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады.

Астана
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 600-ден аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болумен қатар, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.

Астанада қар тазалығы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп