Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгін Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтеді

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты апелляциялық сот Қонаев қаласындағы Алматы облыстық сотында өтеді.

Алматы облыстық соты
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Апелляциялық сот 11:00-ге белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Талдықорған) Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шыққан болатын.

Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру;

Сакиев Равильге, бір аса ауыр және ауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру;

Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығынан айыру;

Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру;

Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру;

Кәмелет жасқа толмаған Ысқақ Думанға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы облысының соты Д. Ысқаққа тағайындалған жаза мерзімінің толық өтелуіне байланысты босатылғанын растады.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел