USD
USD
USD

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шығады

2025 жылы 5 маусымда сағат 16:00-де Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Талдықорған) Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша үкім жарияланады.

Шерзаттың соты
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Шерзат Болатты өлтірді деген айып бойынша сотталушыларға мынадай жаза мерзімдерін сұраған еді:

– Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеуді;

– Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;

– Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 9 жыл;

– Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;

– Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы:

– Жәбірленушілердің моральдық және материалдық шығынды өндіру жөніндегі талап-арыздарын толық көлемде қанағаттандыруды; 

ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабына сәйкес, іс бойынша сұралған куәлар Нұрбекованың, Жақсыгелдінің әрекеттерін тексеру және оларға құқықтық баға беру үшін жеке Қаулы шығаруды, оны Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды;

Сотта сұралған куә ретінде Қазкенов, Рузбакиевке қатысты да процессуалдық шара қабылдау үшін жеке Қаулы Шығарып, Алматы облысының полиция департаментіне жолдауды сұрады.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров