USD
USD
USD

Бүгін Рим Папасы Францискті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

Бүгін Ватиканда және Римде Рим Папасы Францискпен қоштасу рәсімі өтеді.

Рим Папасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Понтификті еске алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен діндарлар мен 160-тан астам ел мен халықаралық ұйым делегациялары келеді.

Қаралы шара Астана уақытымен сағат 13:00-де Әулие Петр соборынан Папаның денесі салынған табытты шығарып, оны собордың алдына қоюмен басталады. Қызметті кардиналдар коллегиясының деканы Джованни Баттиста Ре басқарады.

Жаназа рәсімінен кейін Ultima Commendatio мен Valedictio деп аталатын қоштасу және ақтық шығарып салу рәсімдері өтеді.
Содан соң Папа Францисктің табыты салынған кортеж Рим көшелерімен жүріп өтіп, Санта-Мария-Маджоре папалық базиликасына жерлеу үшін жеткізіледі.

Базиликада жерлеу рәсімін кардинал-камерленго Кевин Джозеф Фаррелл өткізеді, содан кейін Папа Францисктің денесі жер қойнына тапсырылады.

Барлық шара Vatican News сайтында тікелей эфирде көрсетіледі, алайда жерлеу процесі көрсетілмейді.

Папа Францисктің өсиетіне сәйкес, ешқандай сән-салтанатсыз, қарапайым қабірге жерленеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала