USD
USD
USD

Бүгін – Отбасы күні

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні аталып өтеді.

Отбасы құндылығы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Мереке 2013 жылы бекітілген. Мерекенің негізгі идеясы – ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру, – деп қосты ведомство.

Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс пен басқа да тақырыптарға арналды. Республика бойынша барлығы мыңнан астам іс-шара өткізіліп, бір миллион адам қамтылды.

Бүгін қазақстандықтар «Отбасым – менің байлығым» акциясын бастады. Әлеуметтік желіде отбасыңыздың суретін жариялау арқылы акцияға қосылуға болады.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші