USD
USD
USD

Бүгін негізгі ҰБТ-ға өтініш беру басталды

Өтініш 25 сәуірге дейін қабылданады.

Тест
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. 2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау 12 сәуірде басталып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Талапкерлер өтініштерін testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы бере алады. ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Маңызды мерзімдер:

12–18 сәуір аралығында – ҰБТ-ға бір рет қатысуға өтініш беруге болады;
19–25 сәуір аралығында – бір немесе екі рет тапсыруға өтініш беру мүмкіндігі бар.

Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:

2025 жылғы мектеп және колледж түлектері;
мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
қандастар;
ЖОО-да шартты түрде білім алушылар.

ЖОО-ға шартты негізде қабылданған студенттер мен колледж түлектеріне төмендегі бес күннің бірін таңдау ұсынылады:

30 мамыр;
4 маусым;
9 маусым;
12 маусым;
16 маусым.

Ал қандастарға келесі алты күннің бірін таңдау ұсынылған:

30 мамыр;
4 маусым;
9 маусым;
12 маусым;
16 маусым;
28 маусым.

Тест тапсыру орны, күні мен уақыты өтініш беру кезінде талапкердің өз таңдауымен белгіленеді.
Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар