USD
USD
USD

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

Биыл Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беретін мектепте 4 миллионнан астам оқушы білім алмақ. Соның ішінде 380 мыңға жуық бүлдіршін бүгін алғаш рет білім жолына қадам басты.

алғашқы қоңырау
Фото: egemen.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеп, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Қымбатты оқушылар, алдарыңызда жаңа білім, жаңа достар және жаңа мүмкіндіктер тұр. Армандаңыздар, ізденіңіздер, ең бастысы өздеріңізге сеніңіздер.

Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, балаларыңыздың әрбір жеңісі сіздерге қуаныш пен мақтаныш сыйласын! Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын!» – деді министр.

Оның айтуынша, биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталғалы тұр. Күшіне енген жаңа Конституция адам капиталын білім, ғылым, инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады.

«Білім саласының алдында тұрған негізгі міндет – отаншыл, білімпаз, еңбекқор, елге жанашыр, заң мен тәртіпке бағынатын адал азамат тәрбиелеу» – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр Қазақстанда білімге деген мемлекеттік көзқарас өзгергенін, бұл ретте білім – ел болашағына салынған стратегиялық инвестицияға, ал ұстаздар мемлекеттің адам капиталын қалыптастыратын негізгі тұлғаға айналғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 10 млн теңгені өз есепшотына аударған

Ақша

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары