USD
USD
USD

Бүгін Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтеді

«Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың соты 20 тамыз, сағат 15.00-ге белгіленген. 

Талғар аудандық соты, Хасан Қасымбаев
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Іс Талғар аудандық сотында қаралады. 

Талғар аудандық соты, Хасан Қасымбаев
NEGE

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты аяусыз өлтіріп кеткеннен кейін атала бастады. Ол «Хуторские» бандасының жетекшісі делінген еді.

Кейіннен Алматы облысының полиция департаменті 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Белгілі болғандай, ол Шерзат Полаттың өліміне қатысты ұсталмаған. 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстың 2021 жылдың 17 маусымында жасалғаны анықталды.

Қазір Х.Қасымбаевтың қазір ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №72 мекемесінде қамауда отырғаны белгілі. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық