USD
USD
USD

Бүгін футзалдан Қазақстан біріншілігінің V туры басталады

Бұл турдың ойындары 4-5 қазан күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Kazinform.

Футбол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көш басында келе жатқан «Семей» аталған турда «Қарағанды» командасын қабылдайды.

Семейлік клуб биылғы біріншілікті сәтті бастады. Қазірге дейін төрт турда бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Турнир кестесінде 12 ұпаймен «Ақтөбемен» бірге бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі. Өткен турда «Семейден» екі мәрте жеңіліп қалған олар бұл жолы ұпайдан шашау шығармауға тырысады.

Сондай-ақ аталған турда «Тұлпар» (Қарағанды) мен «Шымкент», «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Аят» (Қостанай облысы) мен «Астана», «Жетісу» (Талдықорған) пен «Байтерек» (Орал) шеберлік байқасады.

Айта кетсек, футзалдан ел біріншілігінде биыл 12 команда бақ сынап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша