USD
USD
USD

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді.

Футбол
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өткізіледі.

Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов