USD
USD
USD

Мемлекеттік рәміздер күні дүниеге келген сәбилерге Димаштың анасы сыйлық жасады

Бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан астаналық сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды.

Светлана Айтбаева
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Іс-шара №3 перинаталдық орталықта өтті.

Мерекелік шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты.

Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына министр Аида Балаеваның атынан құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды.Светлана Айтпаева әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды да тарту етті. Жас аналарға жылы лебіздерін жеткізіп, сәбилерге ұзақ ғұмыр тіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы