16 Тамыз 14:20

Бүгін докторантураға түсу емтихандары басталды

докторантура
Фото: ғаламтордан

16 тамыздан бастап докторантураға түсу емтихандары басталды.

Алматы, NEGE. Емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 11 шілде мен 3 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылды.

Докторантураға түсу емтихандарына 3577 адам қатысады. Емтихан бүгін басталып, 21 тамызға дейін жалғасады. Түсу емтиханына әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балл. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75.

2024 жылдан бастап түсушілердің бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді.