Референдум Референдум
USD
USD
USD

Бүгін Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Аталған матчта Францияның «Пари Сен-Жермен» және Италияның «Интер» командалары кездеседі.

Футбол
Фото: ҚФФ

АЛМАТЫ, NEGE. Финалдық матч Германияның Мюнхен қаласындағы әйгілі «Мюнхен Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады. Ойын тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Қос команданың құрамында жарақат алған ойыншылар жоқ. Барлық негізгі ойыншылар финалға толық дайын екені мәлім болды.

«Пари Сен-Жермен» өз тарихында Чемпиондар лигасының финалына екінші мәрте шығып отыр. Бұған дейін 2020 жылы олар финалда «Бавариядан» 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Ал миландық «Интер» бұл додада бұған дейін үш рет жеңімпаз атанған: 1964, 1965 және 2010 жылдары. Сонымен қатар 1967, 1972 және 2023 жылдары турнир финалисі болған.

Екі команда бұған дейін үш рет жолыққан. Оның біреуінде париждіктер жеңіске жетсе, қалған екеуінде «Интер» басым түскен.

Футбол сүйер қауым үшін тартысты әрі тарихи матч болары анық.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз